13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар ауданы: «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз» атты мерекелік шара өтті

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Отырар ауданы: «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз»  атты мерекелік шара өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

25-қазан Республика күні мерекесіне орай «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз» атты аудандық мәдениет сарайында іс–шара болып өтті.

Тұрақты тіркеске айналып кеткен, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген тәмсілде терең мағына жатыр десек болады. Өйткені педагогикалық тәрбиеде басты рөлде міндетті түрде ұстаздың өзі жүреді. Демек, ұстаздық жан-жақты білімді, өз саласының кәсібін сүйетін, құрметтейтін жан болғаны жөн.

Міне, осындай жанның бірі де бірегейі ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, аудандағы оқушы ақындар мектебінің негізін салушы, жақында ғана 60 жасқа толған Жұмагүл Нәлібаева десек болады.
Өзінің 40 жылдық ұстаздық еңбек өтілінде жүздеген талантты шәкірттерді өсірген ұлағатты ұстазға аудан әкімдігі, мәдениет бөлімі және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімдері құрмет көрсетіп, аудандық мәдениет сарайында 60 жылдық кешін өткізді. Оған ауданнан, облыстан, Алматы және Астана қалаларынан көптеген шәкірттері мерейтойға келіп қатысты. Аталмыш шараға арнайы қатысқан аудан әкімі С.Сұлтанханов мерекелік 60 жас мерейтоймен және 25-қазан Республика күні мерекесімен құттықтай келе: «Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр.
Әл-Фараби бабамыз «Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл қызмет қылсаң да артық емес» деп оныншы ғасырда ақ бәрін айтып кеткен.

Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз. Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, елдің құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша азаматтарды тәрбиелеп, өсірдіңіз! Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!»-деп ыстық алғысын білдірді.

Ал, есімдері елге танымал айтыс ақындары Д.Ақсақалов пен Д.Полатбаевтар әзіл-сықаққа, сынға толы әдемі айтыс көрсетіп, қалың көрермендердің ризашылығына бөленді.

Ия, «Шәкіртсіз ұстаз–тұл» демекші Ж.Нәлібаеваның М.Есжанова, А.Асанова, А.Маханов, М.Маханов, Д.Жаргөбенова, Н.Бөрібаев, М.Құрманәлиева, С.Сейітман секілді шәкірттері берісі облыс, республикаға танымал. Ақынын іздеген әкімнің елі бақытты дейді Шығыс өсиеті. Ол жағынан аудан басшыларының атқарып жатқан тірліктері көкейге қонымды, тәрбиелік мәні зор деп білеміз.

Елімізге танымал айтыс ақыны Анар Жаппарқұлова әдемі басқарған жиын соңы көңілді концертке ұласты.

Previous Post

Шымкентте бизнесті қорғауға арналған экожүйесі іске қосылады

Next Post

Шымкентке Атыраудан сарбаздар келді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі