13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жолдаудың іске асуы — маңызды міндет

14 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жолдаудың іске асуы — маңызды міндет
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президентінің биылғы Жолдауын іске асыру бойынша «Петроказахстан» компаниясының қызметкерлерімен жиын өтті. Жиында қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, жеке кәсіпкер Ербол Жолбарысов Жолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік салаға көңіл аударды. Соның бірі – ең төменгі жалақы мөлшері 2023 жылдан бастап 70 мың теңге болады. Қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, шағын және орта кәсіпті дамыту маңызды болып тұр. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орны бөлек. Көптеген жұмыс орны осы жоба аясында іске асырылуда. Ал әлеуметтік даму дегенде ойға, ең алдымен, денсаулық сақтау саласын дамыту, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының өсуіне мораторий жариялау, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылды. Бұл ел игілігі үшін жасалып отырған нақты қадамдар, — деді Е.Жолбарысов.

Президент Жолдауында айтылған мәселелердің халық игілігіне қарай тиімді жүзеге асуы Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысына байланысты.Халықты толғандырып жүрген мәселенің бірі– зейнеткерлік жас. Қазына қорының қаражаты­на қарайлаған үкімет зейнеткер­лік жастың межесін қайта-қайта өзгертіп халықты, әсіресе әйелдер қауымын уайымға салды. Президент бұл мәселені де өз құзырына алып, әйелдерге 61 жасты мөлшерле­ді.Мемлекеттің басты байлығы мен тірегі – халық. Жалпы, Президент осы Жолдауын адамға, азаматқа қамқорлық көрсету, халықтың әл-ауқатын өсіруге бағыттады.

«Петроказахстан» компаниясы еліміздегі ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі. Жақында ғана Президент Шымкентке жасаған сапарында аталған компанияның жұмысшыларымен кездескен болатын. Жиын соңында компания қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

Previous Post

Дәрігерлер ангиография көмегімен 52 жастағы науқасты аман алып қалды

Next Post

Отандық өнімдер бәсекеге қабілетті болу керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі