13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Отоларингология бөлімшесі ашылды

13 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Отоларингология бөлімшесі ашылды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі қалалық клиникалық балалар ауруханасының енді өз лор бөлімшесі бар. Енді аймақтағы науқас балалар бұрынғыдай Астана мен Алматы қаласына сабылмайды. Алғаш рет ашылған бөлімшеде дәрігерлер, құлақ мұрын ауруларын өздері емдеп, науқастарға сапалы түрде қызмет көрсете алады.
Ағымдағы жылдың қазан айында ашылған бөлімшеде бүгінге дейін 60-қа жуық науқас емделіп шыққан. Отоларингология бөлімшесі 20 төсек орынға лайықталған.

Мұнда дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді.

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының отоларингология бөлімшесінің меңгерушісі Ұлан Тәліппекұлының айтуынша, мұнда келетін науқастарды толық ем-домын алып шығады. Бұрынғылдай орталық қалаларға барып әуреленбейді. Білікті де білімді дәрігерлер мұнда келген әрбір науқасқа баса назар аударып, толық емін алып шығуына барлық жағдайын жасайды. Бөлімшемізге келіп жатқан науқастар қатары көп.

Жаңадан ашылған бөлімшедегі дәрігерлер операция жасауға да бейімделген. Сондықтан мұндағы дәрігерлер бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматыға сабылтпай, өздері емдеп, қажет жағдайда отаны да жасайды. Мамандардың сөзінше, құлақ мұрын ауруына шалдыққан науқастардың басым бөлігі операцияға мұқтаж болып келеді екен. Мәселен, соңғы бір айдың ішінде бөлімшеде емделіп шыққан науқастардың 90 пайызына дәрігерлер ота жасаған.

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының ЛОР дәрігері Ерубай Мақсаттың сөзінше, мұнда көптеген ота түрі жасалады. Атап айтқанда, Септопластика, Вазотомия, Конхотомия, Мұрын қабыршықтарының оталары, Мұрын сүйектерінің репозициясы, Ринопластика, Эндоскопиялық оталар, Құлақ ауруларының оталары және де өзге күрделі операциялар жасалады.

Айта кетейік, құлақ мұрын аурларына дер кезінде диагноз қойып, оны емдеуде ауруханада қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған. Емдеу мекемесінде операция жасауға арналған операциялық микрохирургиялық микроскопы, ЛОР комбайны сияқты барлық қажетті жабдықтар бар. Бөлімшеде дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдайды.

Мемлекет басшысының ұлт денсаулығын жақсарту туралы берген тапсырмасына сай Шымкентте осындай бірегей бөлімдер ашылуда. Онда барлық жағдай жасалынған. Алдағы цақытта материалдық базасы нығайа түспек.

Previous Post

Шымкент: Қалдыбек Құрманәлінің «Ән аға» атты шығармашылық кеші өтті

Next Post

Шымкент: Денсаулық сақтау мамандары жолдауға қатысты пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі