13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жандануда

12 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жандануда
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс «Іскер қала» шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттарымен ерекшеліктері ШОБ жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру болып табылады.

«Тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын шағын кәсіпорындармен толтыру арқылы шағын бизнестің жаңа жобалары жүзеге асырылады, нәтижесінде бірнеше тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жанданады. Аталған бағдарлама аясында жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 млн. теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді», -деді спикер.

«Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғашқы өндірістік парк ретінде «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Қазіргі таңда инфрақұрылымымен толық жабдықталған, бірақ жұмысы тоқтап тұрған «Қайнар май» ЖШС ірі кәсіпорынының базасында тағы да жаңа өндірістік парктің дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 4,3 га, ал, өндірістік алаңы 10 мың 500 ш.м. құрайтын өндірістік паркте 48 шағын кәсіпорынның жұмысын іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, қаламыздағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында республикада алғашқы болып «Standard» жеке индустриялық аймағының құрылысы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Previous Post

Құқықтық сауаттылықты арттыру - басты мақсат

Next Post

Открытый чемпионат по пожарно-спасательному спорту проходит в Шымкенте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі