13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылады

29 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент қаласында 84 844 зейнеткер бар. Оның 5-еуі Ұлы Отан соғысы ардагері болса, 2390-ы тыл ардагері. Сонымен қатар, қаламызда 55 859 көп балалы ана тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгісінің иегерлері 11 266-ны құрап отыр». Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова халықаралық қарттар күні қарсаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Шымкенттің әр ауданында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының бөлімшелері ашылып, зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағаттттан екі ауысымда тегін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифингте айтты.

«1 қазан-Халықаралық қарттар күні қарсаңында қаламыздағы зейнет жастағы азаматтарды сауықтыруға арналған тағы бір «Белсенді ұзақ өмір» атты орталығының ашылуы жоспарлануда. Бұл Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жаңа бөлімшеде жартылай стационарлық жағдайда тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында егде жасына байланысты қарттарға екі ауысым бойынша 150 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Онда дәрігерлік тексеру, бильярд, теннис, садақ ату, ART терапия, тренажерлық қызмет түрлері, бассейн, массаж, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терпаиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру бар» — деді Балмаржан Нарбекова.
Бұдан өзге, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.

Биыл зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерге қарастырылып, қазіргі таңға дейін 3 санаторлық емдеу орындарымен (Шымкент қаласының «Денсаулық» шипажайы, Түлкібас ауданының «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласының «Айша бибі» курорттарымен) келісім шарттар түзілген.Тамыз айының қорытындысы бойынша 2 040 зейнеткерге жолдама беріліп, санаторлық-курорттық емдеуге жолданған.
Айта кетсек, Шымкент қаласында зейнеткерлер саны – 84 844, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 5, тыл еңбеккерлері – 2 390. Шымшаhардағы мерекелік шаралар жоспары қаламызға еңбегі сіңген, еңбек ардагерлері мен қарттарды құттықтаумен жалғасады. Ардагерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпаттар табысталады.

Previous Post

Шымкентте "Қыздар кеңесі" мектебі жобасы жалғасуда

Next Post

Шымкент салт-дәстүрді жаңғыртқан қала

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі