13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Қорғаныс және еңбекке даярмын» атты іс-шара өтті

29 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Қорғаныс және еңбекке даярмын» атты іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шара барысында мектеп оқушыларымен серпіліс, қол күрес және 100 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс, қару-жарақты шашып-жинау жаттығулары өткізілді. «Қорғаныс және еңбекке даярмын» атты іс-шара Еңбекші ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №46 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты — жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында мектеп оқушыларымен серпіліс, қол күрес және 100 метр қашықтыққа жүгіруден жарыс, қару-жарақты шашып-жинау жаттығулары өткізілді. Сонымен қоса, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент мамандандырылған колледжі студенттерімен «Әскери өмірге баулу» атты әскери-спорттық шара өтті. Аталған іс-шараның мақсаты — әскери борышын өтеуге деген жастардың қызығушылығын арттыру. Әскери-спорттық ойындармен сайыстар ұйымдастыру арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Шара барысында колледж студенттері серпіліс, қол күрес және автоматты уақытқа шашып-жинау сынды өзара жарысқа түсті.

Еске сала кетейік, Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша 700-ден астам жерлесіміз әскери киім киіп, Отан қорғаушылар қатарына қосылады. Әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес қазір ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, одан кейін – Қарулы Күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады. Әскерге жіберілмес бұрын шақырылушылар медициналық комиссиядан, тесттерден және сұхбаттан өтеді, онда қызмет етуге мотиві мен психологиялық көңіл-күйі анықталады. Әскерге шақыру комиссиясы бірінші кезекте техникалық мамандық алған, дене дайындығы жақсы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және ең бастысы әскерге баруға ниет білдірген шақырылушыларға басымдық береді.

Previous Post

Шымкентте металургтер стадионы жаңартылуда

Next Post

Шымкентте "Қыздар кеңесі" мектебі жобасы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі