13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Бір ел-бір кітап» акциясы жалғасуда

28 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Бір ел-бір кітап» акциясы жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Бір ел-бір кітап» акциясы жалғасуда. Биылғы жылы қазақтың ақын, әдебиет зерттеушісі ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді. Сонымен қатар «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақынның шығармашылығын оқу және насихаттау барысында жастардың әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру мақсатында орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №14 кітапханасында кітапхана қызметкерлерімен Новои атындағы 11 жалпы орта білім беретін мектебі ұжымының ұйытқы болуымен, «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық сайыс өткізілді.
Іс-шара барысында 6 кезең бойынша оқушылар ақынның құнды мұралары бойынша нақыл сөздерінен сынға түсті. Сонымен қатар, «Кім көп біледі», «Ой сергек» ойындары бойынша сұрақтарға жауаптарын беріп, «Даналық ойдан дән ізде» эссе жазудан, «Өнерліге өріс кең» кезеңі бойынша «Бақа мен өгіз», «Қасқыр мен қозы», атты шығармаларынан көріністер сомдалды.

«Алаш ардақтысы әрдайым адам білімді болуы үшін көп оқуы, бай болу үшін кәсіп етуі, күшті болу үшін бірлігі мақты болуы керек деген өсиетін айналасындағыларға айтып отырған. Сондай-ақ халқының қамын ойлаған тұлғаның ызыңдаған маса сияқты қазақ ұлтын білімге шақыруының астарында үлкен мән жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы балаларды ғана оқытып қоймай, ерексектерді де білім алуға шақырған. Білімді ұлт ғана еркіндік ала алатынын айтқан. Сондықтан сапалы білім алу дегеніміз, ертең еркін де тәуелсіз ғұмыр кешудің кепілі болатынын айтқан»,- дейді шараға қатысушылар. Ахмет Байтұрсынұлы ғалым, ұстаз, ағартушы ғана емес… Ол – мемлекет және қоғам қайраткері, қазіргі Қазақстан республикасының негізін салушы күрескер. «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек»- деген ұлт ұстазының сөзі қазақтың қаны бар әр жас ұрпаққа өмірлік ұстаным болу керек. Осындай ұлты үшін туылған қайталанбас тұлғалардың өмірін, ерлігін жас толқын жете түсінген кезде ғана қазақ деген халықтың идеологиясы, тарихы, мәдениеті, әдебиеті жандана түспесе, сөнбейтіні белгілі.

Шара аясында оқушылар ақынның есімін, артында қалдырған еңбектерін әрқашан үлкен ризашылық сезіммен құрметтегені үшін, сонымен қатар белсенді оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

Previous Post

Шымкентке арналған қойылым көрерменге жол тартады

Next Post

Қайтарымсыз грант: Кәсіп ашуға ниеттенгендер саны артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі