13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған іс-шара легі жалғасуда

28 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған іс-шара легі жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Мұхтар Әуезовтің 125 жыл толуына орай А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасы «Жастар орталығы» мүшелерімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Дәуірдің дара тұлғасы – Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара мақсаты – жазушының 125 жылдығын атап өту және оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін, еңбегін дәріптеу.

Әдеби кешке филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті Ақжол Қалшабек, «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшесі Алтынбек Срайылұлы, «Жастар орталығы» белсенділері және М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері қатысты.

Әр ұлттың ұлы тұлғалары болады. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құндылығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, үнділер үшін – Тагор, өзбектер үшін – Науаи, түркімендер үшін – Мақтымқұлы, әзербайжандар үшін – Низами, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов те өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы, дейді шараға қатысқандар.

Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жолы 1917 жылы екі ғашықтың трагедиялық тағдырын жыр еткен «Еңлік-Кебек» атты пьесаны жазудан басталды. Ол «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім», «Кім кінәлі?», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек» атты әңгіме-повестері, «Қилы заман» романы, «Тас қауырсыны», «Алма бағында» сынды қазақ феодалдық қоғамының өткір мәселелерін ашатын пьесаларының, қазақ және қырғыз әдебиеті мен фольклорының тарихы бойынша монографиялық зерттеулердің авторы. Жазушының бүкіл шығармашылық жолының шарықтау шегі болып табылатын «Абай жолы» атты төрт томдық романы оның әлемдік деңгейде танылуына зор септігін тигізді. Бұл шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді.

Атамыш кеште ақын Ақжол Қалшабек жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 3-курс суденті Байбала Шұғыла Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 1-курс студенттері Мақұлбек Алтынбек және Күнкөргіш Қуаныш Абайдың қара сөзін оқыды. «Абадан» мектебінің 4-сынып оқушысы Жанабылова Айгерім Абайдың Гетеден аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орындап қатысушылар керемет әдеби кештің куәсі боп қайтты.

Previous Post

Үшінші мегаполисте біліктілік санаты бар педагог саны артып келеді

Next Post

Шымкентке арналған қойылым көрерменге жол тартады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі