13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры мотивациялық кітаптар топтамасымен толықты

28 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры мотивациялық кітаптар топтамасымен толықты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі рухани шаңырақ «Мазмұңдама» қоғамдық қоры шығарған қазақ тіліндегі мотивациялық кітаптар топтамасымен толықты.Біреудің жеткен жетістігі таңқалдырумен қатар, қанаттандыратыны да анық. Сондықтан мотивацияңыз төмендеген кезде табысқа кенелген адамдардың кітаптарын оқып тұрған жөн. Соны негізге алып, «Мазмұңдама» қоғамдық қоры қазақ тіліндегі мотивациялық кітаптар топтамасын жасады. Осы шығармаларды оқысаңыз, санаңызда төңкеріс орын алып, бір серпіліп қалатыныңыз анық,- дейді кітапханашылар. Бүгінде Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры қазақ тіліндегі жаңа оқулықтармен толығып отыр.

Мәселен, Анжела Дакуорттың «Табандылық: құштарлық пен төзімділік қуаты» атты кітабында автор осы екі қасиетті қалыптастырып дамытуға болатынын нақты зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, психологтардың зерттеуіне талдау жасаған. Сондай-ақ, түрлі салада табысқа қол жеткізген адамдардың және өз өмірінің мысалдары арқылы баяндайды. Ал, Джен Синсеро ның «Сен мықтысын. Өзіңе күмәнданба, шалқып өмір сүр» атты оқулығында жәгер беретін мағлұматтар көптеп айтылған. Жаңаша өмір сүргің келе ме, онда ешқашан қолыңа алмаған істен баста. Кітапта өзін-өзі дамытудың ең тиімді 25 әдісі баяндалады. Олардың әрқайсысы Джен Синсеро өз басынан өткізген нәтижелі әдістер болып саналады. Бұдан өзге, талған автордың «Сен табыскерсің. Ойыңды өзгерт, ақша тап» кітабы да оқырманға ұсынылып отыр. Автор бұл кітабында ойлау жүйесін өзгерту арқылы армандағандарының бәріне қол жеткізуге болатының өз өмірінен мысал келтіре отырып жазады.

Айта кетсек, рухани шаңырақ саналатын «Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы» халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде. Кітапхана оқырмандарына кең, жайлы, жарық оқу залдарында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. 200 орындық мәжіліс залында конференциялар мен зерделі кеңестер, кездесулер мен қызықты шаралар өтеді. Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу» Libclub «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады. Мұндағы кітап қоры үнемі жаңартылып, толығып тұрады дейді мамандар.

Previous Post

«Асыл сөздің зергер шебері» атты әдеби кеш өтті

Next Post

Театр әртісі республикалық моноспектакльдер фестивалінде "Ең үздік әйел адам бейнесі" номинациясын жеңіп алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі