13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Оқушыларға жолда жүру ережесі таныстырылды

27 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Оқушыларға жолда жүру ережесі таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында «Абайлаңыз – балалар!» акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында оқушылар жол ережесін жетік меңгеруде. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы №132 жалпы білім беретін мектебінде «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында 1-7 сынып оқушыларына Қаратау АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Б.Абдраманов түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын-алу.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы №135 жалпы орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында арнайы лекциялар оқып, сауалнама жүргізді. Сонымен қоса, «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушыларына Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының инспекторлары «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында инспекторлар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Previous Post

«AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылды

Next Post

Шымкентте есірткіге қарсы науқан өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі