13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Фан клуб спорт биі» сайысының жеңімпаздары анықталды

26 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Фан клуб спорт биі» сайысының жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Фан клуб спорт биі» байқауының финалдық кезеңі өтті. Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау.

Жастар ресурстық орталығында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында «Фан клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті. Оған орта арнаулы оқу орындарының командалары қатысты. Жобаның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын шыңдау. Жастар ресурстық орталғының басшысы Мағжан Исахов «Фан клуб спорт биі» сайысын құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Финалға үшінші мегаполистегі орта арнаулы оқу орындарының 38 командасы арасынан үздік деп танылды. Олардың ішінен оқ бойы озық шыққан 10 команда финалға жолдама алып, төртеуі жүлделі орындардан көрінді. Ал, орта арнаулы оқу орындары арасынан бас жүлдені САЗ музыкалық колледжінің би командасы алды. І орын – Шымкент политехникалық колледжі, ІІ орын – Тамақтандыру, индустриалды және сервис колледжіне, ал ІІІ орынды Авиценна көпсалалы колледжінің би командасына бұйырды. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қоса, жоғары оқу орындары арасында «Фан клуб спорттық би» жарысының финалдық кезеңі де өтті.

Салтанатты шара барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының бөлім басшысы Талғат Сәлінұлы жанкүйерлерді құттықтап, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады. Финалға үшінші мегаполистегі жоғары арнаулы оқу орындарының командасы арасынан үздік деп танылған 5 команда өтіп, бақ сынасты. Финалдық кезеңде қатысушылардың киім үлгісі, музыка таңдауы, би қойылымы секілді элементтерге баса назар аударылды. Нәтижесінде жоғары оқу орындары арасында бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің би командасы жеңіп алып, велосипедке ие болды. І орынды (смартфон) – М.Әуезов атындағы ОҚУ би командасы, ІІ орынды (брендбук) – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің би командасы , ал ІІІ орынды (смарт сағат) Шымкент Университетінің би командасы иеленді.

Previous Post

Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасына 30 жыл

Next Post

Шымкенттіктерді спортқа тартуда ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі