13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өзбек этносының мәдениеті мерекесі кең көлемде аталып өтті

26 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Өзбек этносының мәдениеті мерекесі кең көлемде аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ерекше мерекелердің бірі «Өзбек этносының мәдениеті, дәстүрі мен тілі» күні тойланды. Шараға этномәдени бірлестігі «Достық» қауымдастығы ұйытқы болған. Мерекелік шараға ТМД елдерінен арнайы қонақтар келіп, қатысты.

Қазақстан мен Өзбекстан достығы ежелден тамыр алған. «Өзбек – өз ағам» деген сөз де ел аузында тегіннен жүрген жоқ. Шымкент қаласында 1994 жылдан бері «өзбек этносының мәдениет» күні тойланып келеді. Бұл күнде қаладағы аталған этнос өкілдері жиналып, мәз-мейрам күй кешеді.
Өңірде өзбек этномәдени бірлестігі 1989 жылы құрылып, 30 жылға жуық уақыт бойы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының саяси, мәдени өміріне белсене араласты. 2018 жылы қалалық бірлестік мәртебесін алып, осындағы 200 мыңға жуық өзбек ұлтының өкілі қазақстандық қоғамның ортақ құндылықтарын қастерлеуге ұйытқы болып отыр.

Қазақстан өз ішінде ұлтаралық татулық негізінде саяси тұрақтылықты берік орнықтырды. Сондықтан да Қазақстан дүние жүзінде ешкімге ұқсамайтын, тек қана өз еліміздің ішкі ерекшеліктерінен туындайтын, уақыт сынынан сүрінбей өткен саяси, әлеуметтік, экономикалық және ұлттық дамудың қазақстандық моделін қалыптас­тырды. Бұл барша қазақстандықтардың абырой-беделін бұрын-соңды жетпеген биікке көтеріп, бізді әлемдік дамудың алдыңғы қатарына шығарды. Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқы тағы да өзінің үздік қасиеттерін танытып, елімізді мекендеген көп ұлт пен ұлыстың басын қосып, тәуелсіз ел бола алатынын көрсетті. Көрсетіп қана қойған жоқ, дүние жүзіне үлгі бола білді. Бұл қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірдегі этностардың тілі мен мәдениетінің сақталуына мүмкіндік жасауға бағытталған мерекелік шара қонақтарының пікірі.

Айта кетейік, шаһарда өзбек этномәдени бірлестігі 1989 жылы құрылып, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсене араласты. Бірлестік жанындағы ақсақалдар алқасы, жастар қанаты, «Бахор», «Феруз» шығармашылық ұжымдары Шымкенттің дара дәстүрін жалғап, қоғамдық-мәдени тұрмысын байытып келеді. Тағы бір ақпар. Қазақстан халқының 3 % өзбек ұлтының өкілдерінен тұрады. Ал оңтүстік жақта ала тақиялы ағайынның саны ел халқының 30 %-на тең. Шымкентте 2000-ға жуық оқушы өзбек тілінде еркін білім алса, мәдени мекемелер де аталған тілде қызмет етіп жатыр.

Previous Post

Үшінші мегаполисте спорт нысандары бой көтеруде

Next Post

Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасына 30 жыл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі