13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тренингі өтті

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” тренингі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қыз баланың тәрбиесіне назар аударған қазақ халқы әрбір әдет-ғұрып, салт-дәстүрді бойына сіңіріп, қылығына қатаң қараған. Отбасынан бастау алатын тәрбиенің екінші ошағы мектеп. Бүгінде П.Шевцов атындағы жалпы орта мектептің ұйымдастырумен қыздар арасында “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” атты семинар тренинг өтті. Қыздар қауымы жиналған бұл жиын жастар мен жасөспірімдер тап болуы мүмкін келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алуға бағытталған.

Семинар тренингке Түлкібас ауданының аналар кеңесінің мүшелері, «Халыққа әлеуметтік қызмет корсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің мамандары, аудандық аурухананың гинеколог маманы, мектеп ұжымының әкімшілігі мен мектеп директоры, 8-9-10 сынып оқушы қыздары қатысты.

Семинар тренингке оқушылар белсене қатысып, өз ойларын еркін айтып, тренинг қызықты өтті. Мектеп директоры Гүлнар Ниязалықызы қорытындылап келген қонақтарға, мектеп ұжымы мен оқушыларына алғысын айтты.

Жыл сайын елімізде кәмелет жасына толмаған жүкті қыздардың саны артып келеді. Статистика бойынша медицинада 100 жүкті әйелдің 3/10 арасында жасөспірімдер жүктілігі кездеседі. Некесіз жүктіліктің алдын алу үшін қыз баланың жыныстық сауаттылығы болуы керек. Психологияда жеке шекара – белсенді түрде талқыланатын тақырып, – дейді мамандар.

– Бұл әр адамның жеке кеңістігі, принциптер мен сенімдер саласы. Оның үлкен белгісі – өзіңді жайлы сезіну. Егер сіздің айналаңыздағы адамдардың сөзі және іс-әрекеті сізге физикалық немесе эмоционалдық ыңғайсыздық тудырса, бұл жеке шекараны бұзу болып табылады. Барлық қыз құрметке ие әрі ерекше жандар. Соны түсіну үшін өзінің жеке пікірі болуы керек.

Іс-шара ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзара пікір алмасты, ойларын ортаға салды.

Previous Post

Түлкібас: Аудан басшысы бюджеттік мекемелердің жылыту жүйесін толық іске қосуды тапсырды

Next Post

В Туркестанском музыкально-драматическом театре состоялось открытие нового сезона

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі