13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық спортшы абсолютті чемпион атанды

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандық спортшы абсолютті чемпион атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Талдықорғанда жүзуден Қазақстан Кубогы жолындағы жарыс өтті. Айтулы бәсекеде Түркістан облысы су спорты түрлері мектебінің спортшысы Адалаида Пчелинцева өте сәтті өнер көрсетті.
Адалаида 50, 100 және 200 метрге жүзуден, яғни, үш қашықтықта чемпион атанды. Сонымен бірге 2,148 ұпай жинап сайыстың абсолютті жеңімпазы болып танылды. С.Осинский мен Ж.Шалдарбековтың шәкірті енді Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады. Одан кейін Германияның Берлин қаласында өтетін Әлем кубогы додасында Қазақстанның намысын қорғайды.

Түркістан облысының желкенді спорт сайыпқырандары да сенімді ақтады. Жерлестеріміз Қонаев қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Түркістандық спортшылар 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Еске салсақ, осыған дейін Түркістандық үш балуан әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Олар Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен өткен жаһан чемпионатынан олжалы оралған.
Түркістандық Тоқтарбек Айдарбек кілемге шыққан қарсыластарын түгел жеңіп, әлем чемпионатының алтынын мойнына таққан. Тоқтарбекті көпшілік самбо күресіндегі жетістіктері арқылы таниды. Ол 2016 жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде қола медаль еншілеген. Одан кейін 2017, 2018 жылдары қатарынан екі рет «сары құрлық» біріншілігінде күміс жүлдегер атанған-ды. Сол 2018 жылы әлем біріншілігінде тағы да қола жүлде иемденген. Ол – самбодан және қазақ күресінен ҚР спорт шебері.
Ел қоржынына екінші алтынды Шардаралық Қайсар Шамшидинов салған. Айта кетейік, Қайсар да қазақ күресі мен самбодан халық-аралық аренада олжа салып жүр. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін қазақ күресінен жыл сайын ұйымдастырылатын турнирде екі рет «Түйе балуан» атанған.

Бұлардан бөлек тағы үш түркістандық балуан құрама қоржынына қола жүлде салған. Атап айтар болсақ, 58 келіде әйелдер арасында бақ сынаған Гүлзира Құдасбек, 66 келіде Айнұр Ақжігітова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Previous Post

Золотая домбра покрытая бриллиантами хранится в Туркестане

Next Post

Спортсменка из Туркестана стала абсолютным чемпионом

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі