13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарлықтарға Қазақстан тарихындағы ерте темір дәуірі жәдігерлерін паш ететін көрме ұсынылды

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Отырарлықтарға Қазақстан тарихындағы ерте темір дәуірі жәдігерлерін паш ететін көрме ұсынылды
Share on FacebookShare on Twitter

25 қазан Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен 11-26 қазан аралығында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» атты көрмесі ашылды.

Көрмені ашып беру үшін алғашқы құттықтау сөзді Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлына және археолог-ғалым Алдабергенов Нұртаза Орынханұлына, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры м.а Махашов Жангелді Меңлібайұлына берді. Олар елімізден алтын адамның табылуы түп-тамырымыздың қайдан бастау алғанын және ата-бабаларымыздың рухани һәм материалдық мәдениетінің озық үлгісін көрсететіндігін айтып, көрмені ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Одан соң, аудандық өнерпаздардың ән-шашуы орындалып, іс-шараға жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Келесі сөз «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім жетекшісі Құрбанәлі Жазираға беріліп, ол көрменің мақсатына, ондағы жәдігерлердің құндылығына тоқталды.

Қазақ батырларының негізгі ұрыс түрлерінің бірі –қылыштасу. Уақыт өткенімен бұл өнер халық дәстүрлерінен ғайып болды. Бүгінгі таңда өз халқының тарихына бей-жай қарамайтындар қылыштасу өнерін жандандырып жатыр. Осы өнерді қайта жандандырып жүрген «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері, реконструктор Байдаралин Даниярнің «Сақтардың бес қару өнерін» тамашалаған көрермендер оның өнеріне тәнті болды.

Іс-шараның басты бөлімі көрменің лентасы қиылып, көрмемен таныстырған «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім жетекшісі Құрбанәлі Жазира ерте темір дәуірінен көптеген мағлұматтар берді.

Көрме экспозициясынан ерте темір дәуіріне тиесілі сақ-үйсін мәдениетіне тән үш тағанды қазан, Алтын адамның күміс тостағаны мен алтын жүзігі, түпнұсқа қыш ыдыстары және т.б. Жетісу жауһарлары мен Шығыс, Батыс, Орталық Қазақстан аумақтарынан табылған құнды жәдігерлердің жаңғыртпалары орын алды.

Көрме 26 қазанға дейін Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығының көрме залынан тамашалай алады.

Previous Post

Түркістан: «Бөрте Милка» кәсіпорны тәулігіне 15 тонна сүт өндіреді

Next Post

Ордабасы: Барлық мәселе рет-ретімен шешіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі