13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Дархан Сатыбалды көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін қабылдады. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған жүлдегерлердің жеңісін жоғары бағалаған аймақ басшысы оңтүстік өңірінің спортшыларына қаржылай сертификат пен облыс құрама командасының бірыңғай формасын табыстады.

– Сіздер Түркістан облысының ғана емес, күллі Қазақ елінің атын шығарып жүрсіздер. Көкпардан бірінші орын алғандарыңызды естіп, еңсеміз көтеріліп қалды. Жеңіс құтты болсын! Жалпы бұрын қазақтың өмір салтының өзі спортқа негізделген ғой. Ат спорты, жекпе-жек түрлерінен мықты спортшыларымыз көп. Жамбы атудан жүлде алған бауырымыздың да жетістігі қуантады. Өте қиын спорт түрінен екі медаль еншілеп отыр. Ұлттық спортты ұлықтаған барша жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Жуырда ғана қазақ даласын дүбірге бөлеген «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде де Түркістан облысының спортшылары 3-орынды иемденді. Біз спорт саласын әрдайым қолдаймыз. Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Түркістан облысында өткізуге ұсыныс беріп жатырмыз. Байрақты бәсекелерді қабылдау арқылы елдің абыройы көтеріледі, – деген Дархан Сатыбалды жаттықтырушылар мен спортшылардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Көшпенділер ойындарында көкпар спорты бойынша Қазақстан құрама командасы 1-орынды жеңіп алған болатын. Құрама сапында Арман Жамалбеков, Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан және Әділет Мамыт сынды Түркістан облысының 4 спортшысы жеңісті сәтті жақындатуға еселі үлес қосты. Ал Ералхан Айкөз жамбы атудың түрік стилі бойынша «қабақ» атудан – екінші орын, «табла» атудан үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан. Қазақстанның атынан 50 спортшы көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі спорт түрлерінен бақ сынады. IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары 9 медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржыны 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальмен толықты. Осыған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында спортшыларды құттықтаған еді.

– Көкпар додасы Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш еніп отырғанын ескерсек, көкпаршыларымыздың бұл жеңісі шын мәнінде ел болып қуанар ерекше тарихи оқиға. Кеше ғана кең байтақ қазақ даласын дүбірге бөлеген «Ұлы дала жорығы» бәйгесін тамашалап бір серпіліп қалсақ, бүгін тақымдары темір, білектері болат көкпаршыларымыздың жеңісі тіпті мерейлендіріп отыр. Айта кеткенім дұрыс, бұған дейін ІV Дүниежүзі Көшпенділер ойындарында еліміз екі күміске қол жеткізген болатын. Оның біреуін Дәстүрлі садақ атудан иеленсек, екіншісін жамбы атудан еншілеген едік. Сондай-ақ, Қазақ күресіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан белдесіп, айтулы бәсекеде 19 қыз бақ сынады. Ұлттық спорттың туын жықпай, ел үмітін еселеген барлық жеңімпазды шын жүректен құттықтаймын! Түркия төрінде атойлаған қазақ рухы асқақтай берсін!, – деп жазған-ды Абаев.

Көкбөріге Қазақстан, Қырғызстан, Түркия командалары қатысты. Түркия командасы өз қалауы бойынша үшінші орынға келісім беріп, ақтық сынға қазақ-қырғыз құрамалары өтті. Ақтық сында Қазақстан – Қырғызстан командаларының ойыны 0-5 есебімен аяқталып, спортшыларымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.

Previous Post

Түркістан: Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қатаң қадағалануда

Next Post

Дархан Сатыбалды наградил побидителей игр кочевников

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі