13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар өтті. Ауқымды шара Қаратау ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен жүзеге асты. Алқалы жиынға отбасы істері бойынша жұмыс жүргізетін құзырлы мекемелер, әйелдер істері мен балалар құқықтарының қорғалуы жөнінде тиісті жұмыстарды үйлестіретін үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев 2022 жылғы бірінші қыркүйектегі жолдауында «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр… қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.»-деп, қоғамдағы келеңсіз жағдайға алып келетін әрекеттермен күресу қажеттігін нұсқаған болатын. Осы орайда мегаполисіміздегі Қаратау ауданы да мұндай маңызды істен кенде қалмай,зиялы қауым өкілдерін жиып,семинар өткізді.Онда жалпы жанұядағы құндылықтар, тұрмыстық әлімжеттік әректтерімен күресу, әйел көшбасшылығы, бала тәрбиесі сынды маңызды мәселелер талқыланды.

Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің туындауының басты себебі жанұядағы ата-ана рөлінің төмендігі, бала тәрбиесіне жүйелі көңіл бөлінбеуі, алькаголь өніміне деген тәуелділік, жұмыссыздық сынды бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер қатары қамтылады. Аталған тізбені тізбектей берсек ертелі кеш тауысып біте алмаспыз. Дегенмен келеңсіз оқиға орын алмас үшін алдын алу шараларының жүргізілуі маңызды дейді Қаратау аудандық аналар кеңесінің төрайымы Зүлфия Бекмұрзаева.

Айта кетсек, Шымкентте «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты шарасы тоқтаған емес. Мұндай жобалардың негізгі мақсаты — көпшілік халықты отбасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оның жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту болып табылады. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Отбасы жанжалдары кезінде өңірлерде сенім телефондары, қауырт желі жұмыс істеуде екенін және дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа жеткізу болып табылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Талдыкөл көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді

Next Post

Шымкентте «Дала әуені» шығармашылық кеші өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі