13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Игілікті инфрақұрылыммен қамту жұмысы қарқынды жүруде

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Игілікті инфрақұрылыммен қамту жұмысы қарқынды жүруде
Share on FacebookShare on Twitter

Абай ауданы Игілік тұрғын алабында 1 319 отбасы қоныстанған. Халық саны 8431 адамды құрайды. Бүгінде Игілік тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.

694 үй мемлекеттік жүйеден электр қуатын алуда. Трансформатор жарығын қолданып отырған 625 үйді сапалы электрмен қамту мақсатында 2021 жылы құрылыс жұмысы аяқталған. Қазір абоненттеу жұмыстары 250 үйде аяқталып, қалған үйлерге де қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Тұрғын алаптағы «Терешкова» көшесіне жарықшамдар орнатылуда. Жалпы 43 көшенің 11-і асфальт, 22-тас жол, қалғаны топырақ жолдар. 2021 жылы атауы жоқ №6 көшеге шағал тас төселді. Биылдан бастап атауы жоқ 32,33,34,35, Жаңақұрылыс (Көксарай дүкен), Сіргелі 1, 2, 3, 4, 5, 6, Баба ата жалпы саны 10 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Елдімекендердің инфрақұрылыммен қамту жұмыстары 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сай, реті және кезегімен жүргізілуде.

Айта өтсек, қалада 3 елдімекен ауыз суды кестемен қолданады. Биыл 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға артады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд. теңгеге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек.

Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі. Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. 747 әлеуметтік маңызы бар көшелердің 324-і жарықтандырылған.

Осы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тартылады. Нәтижесінде жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген. Сондай-ақ, Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткен жылы жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылып, қала аумағын шолу 3 есеге артты. Биыл да қосымша 1000 бейнебақылау камералары орнату көзделген. Сонымен бірге, халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 9 мобильді полиция бекетін орнату жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 5 айда жалпы қылмыстардың саны 19,4 пайызға азайған.

Previous Post

Шымкент: Қызылжарда базалық станцияның құрылысы жүруде

Next Post

Кәсіподақтар форумында Шымкенттіктердің де еңбегі бағаланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі