13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент көш бастап тұрған өңірлер қатарында

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент көш бастап тұрған өңірлер қатарында
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті.

• Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.

• Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.

Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.

• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.

• Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.

• Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.

Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.

• Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.

Айта кетсек, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров есепті кезеңде республика экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрағанын баяндады. Сыртқы сауда айналымы 36,3%-ға ұлғайып, $86,3 млрд-ты құрады.
Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 11 трлн 177 млрд теңгені құрады. Ал ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, осы жылдың 9 айында АӨК-тің жалпы өнімінің көлемі 6,9%-ға өсіп, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 11%-ға және мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 1,1%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Жиын барысында Премьер-Министр жыл соңына дейін іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті. «Ірі кәсіпорындарға өндірістік жоспарларын іске асыруы үшін қолдау көрсетуді күшейту керек. Мәселені жан-жақты талдап, олардың айналым қаражаты, инфрақұрылым, логистика және өнімді сату бойынша проблемалық сұрақтарын шешуді қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса, Үкімет басшысының айтуынша, шикізаттық емес секторларда: соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, логистика IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобалардың санын арттыру керек. Премьер-Министр шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтауды, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Previous Post

Президент жолдауы аясында атқарылатын жұмыстар баяндалды

Next Post

Шымкент: Қызылжарда базалық станцияның құрылысы жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі