13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР ТАЛАПТАРЫНА САЙ КЕЛЕДІ – ОСК

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР ТАЛАПТАРЫНА САЙ КЕЛЕДІ – ОСК
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясы Кәсіби әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан президенттікке үміткер Қарақат Әбден талаптарға сай келетінін мәлімдеді.

«Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Конституция және «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» конституциялық заңы жүктейтін талаптарға сай келетіні анықталды», — деді ОСК өкілдері.

Қарақат Әбден Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын.

Қарақат Әбден 1974 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист-маркетолог» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Орда» жеке коммерциялық фирмасының экономисі ретінде бастаған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің ірі салық төлеушілер департаментінің жетекші маманы болып жұмыс істеген.
⠀
1999 жылдан 2009 жылға дейін Қаржы министрлігінде Салық комитетінің Салық төлеушілердің мониторингі басқармасы бөлімінің бастығы, Салық комитетінің Салық апелляциясы басқармасының бас маманы, Салық комитетінің №1 өңіраралық Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқармасы бөлімінің бастығы, Салық комитетінің өндірістік емес төлемдер басқармасы бөлімінің бастығы, Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің №4 бақылау басқармасының бас сарапшысы міндеттерін атқарған.
⠀
2009 жылдан 2013 жылға дейін Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі директорының орынбасары, «Нұр Отан» (қазіргі Amanat) партиясы Жоғары партия мектебінің талдау және үйлестіру секторының меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының инновациялық комитетінің консультанты болып жұмыс істеген.

2011 жылдан — «Нұр Бөбек» ЖШС құрылтайшы — директоры. 2013 жылдан бастап «Қазақ Қызы» ҚБ төрағасы, Астананың «Асыл бөбек» жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының төрағасы. Алтыншы шақырылған Астана мәслихатының депутаты болған.
⠀
Қарақат Әбден — төрт баланың анасы, қоғам қайраткері, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Next Post

Президент жолдауы жастарға насихатталуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі