13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ЖҰМАТАЙ ӘЛИЕВ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ

11 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ЖҰМАТАЙ ӘЛИЕВ ҚҰЖАТТАРЫН ТАПСЫРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Орталық сайлау комиссиясына Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

ОСК мәліметінше, 2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды:

1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.

Айта кетейік, Жұматай Әлиев 2012 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қаңтарына дейін Мәжіліс депутаты болған, оған дейін әр жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, ассамблея төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Әлиев бұған дейін де, яғни 2019 жылғы сайлауда Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған еді. Алайда ол мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінген болатын.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

В Туркестанском музыкально-драматическом театре состоялось открытие нового сезона

Next Post

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі