13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өнерпаздары «Жеті қазына» телевизиялық шоу бағдарламасының екінші кезеңіне қатысуда  

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан өнерпаздары «Жеті қазына» телевизиялық шоу бағдарламасының екінші кезеңіне қатысуда  
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының өнер және спорт саласының үздіктерінен құрылған команда ҚР Үкіметінің қолдауымен «Хабар» телеарнасы ұйымдастырып жатқан «Жеті қазына» Республикалық телевизиялық шоу бағдарламасына екінші кезеңіне қадам басты. Есте болса, Астана қаласында еліміздің барлық өңірінен өнер және спорт саласының үздіктері бақ сынайтын бағдарлама телеарнаның жаңа маусымында көрерменге жол тартқан болатын.

«Жеті қазына» мега-жобасында әр өңірден келген өнерпаздар мен спортшылар атадан балаға мұра болып келе жатқан ән, жыр-терме, күй, айтыс, күрес, қол күресі, арқан тартыс секілді жалпы сайыстың 10 түрінен бақ сынайды. Бағдарлама мақсаты ұлттық өнерімізді, ойындарымызды, құндылықтарымызды дамытып, қазіргі заман талабына сай жаңашаландырып, әр өңірдің өзіне тән дәстүрін өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.Сонымен қатар облыстар арасындағы мәдени байланысты нығайту және өзара тәжірибе алмаса отырып, үздіктерді анықтап, көрерменге таныстыруды мақсат етеді.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли мырза өзінің әлеуметтік парақшасында «Бұл өнер додасы облыстар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуды және өзара тәжірибе алмаса отырып, үздіктерді анықтап, көрерменге таныстыруды көздейді. Барлығы 20 өңір арасында 10 сайыс өтеді. Жобаның өңірлерде көрінбей жүрген өнерпаздардың танылуына да септігі тимек» деп хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістандық өнерпаздар алғашқы кезеңде Қостанай облысының командасымен сайысқа түсіп, екінші кезеңге жолдама алған болатын. Алғашқы хабар 4 қыркүйектен бастап әр жексенбі сайын «Хабар» арнасынан көрсетіліп жатыр. Түркістандықтар, барша өнерпазға сәттілік тілей отырып, жерлестеріне жеңіс тұғырынан көріне беруге тілек білдірді. «Жеті қазынаны» жобасындағы өңіріміздің командасына қолдау көрсетуге шақырды.
1644

Previous Post

День города в Кентау отметили на высоком уровне

Next Post

Түркістан облысында Президент сайлауына тыңғылықты дайындық бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі