13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ерекше балалары бар ата-аналарға қолдау көрсетіледі

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ерекше балалары бар ата-аналарға қолдау көрсетіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының таныстырылымы өтті. Енді әрбір ерекше балаға қарап отырған ата-ана «TEN QOGAM» орталығында орналасқан қоғамдық бірлестікке тіркеліп, әлеуметтік, медициналық тұрғыда бағдар ала алады. Сондай-ақ, мамандар мұнда тек ақпараттық қолдау көрсетпей, мәселенің шешу жолдарын да қарастырмақ.

Жиынға Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Е.Айтбаев, «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р. Сағадиева және еліміздің 8 өңірінен келген бірлестіктің филиал директорлары қатысты.

— Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай біз орталығымыздың жаңа мекен-жайын таныстыруды жөн көрдік. Қоғамдық бірлестік мамыр айында ресми тіркеліп, өз жұмысын бастады. Бүгінде еліміздің 14 өңірінде бөлімшелер ашылып, ерекше балалар мен олардың ата-анасына көмек қолын созу мақсатында тынымсыз еңбек етіп келеміз. Ал, Шымкент қаласындағы филиал шілде айында ресми тіркеліп, тамыз айынан бастап жұмыс істеп отыр. Қазақстанда түрлі мақсатта құрылған үкіметтік емес ұйымдар жетерлік. Алайда, ерекше баланың анасы ретінде ондай баланың және оған қарап отырған ата-ананың қоғамда түрлі кедергілерге кезігетіні белгілі. Біздің мақсатымыз — ерекше балаларды жас ерекшелігіне, диагнозына қарай бөлмей тіркеп, олардың оңалту, емдеу шараларына көмек беру. Сонымен қатар, ерекше балалардың басым көпшілігі толық отбасынан емес. Иә, баласының денсаулығына анасын кінәлап, айырылысып кетіп жататындар да жетерлік. Туған-туысының демеуінсіз, жұмыссыз, ерекше балаға қарап отырған анаға да жан-жақты қолдау қажет. Тағдырлас жандарды тәжірибе алмастырып, олардың өздерін ары қарай дамытуына жол ашпақпыз. Біздің орталық осы мәселелерді кешенді шешудің жолдарын қарастырып отыр, — дейді бірлестік төрайымы Рауана Сағадиева.

Жиынға Маңғыстау, Орал, Өскемен, Алматы, Астана, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы филиалдардың жетекшілері келіп, басқосу барысында тәжірибелерімен бөлісті.

— Шілде айының соңынан бастап белсенді жұмыс істеп келеміз. Шымкент қаласында ресми тіркелген көмекке мұқтаж 7156 бала бар. Бүгінге дейін орталыққа 200 ата-ана мен 320 бала тіркеліп үлгерді. Біздің жұмысымыздың маңызын түсініп, қолдау білдіріп отырған жергілікті билік өкілдеріне алғысымыз шексіз. Екі ай ішінде 13 басқармамен меморандумға отырып, ата-аналарымыз бен балалар алғашқы көмектерін алып үлгеріп жатыр. Мәселен, 3 жылдан астам баласының дерті бойынша мүгедектігін растайтын құжатын реттей алмай жүрген келіншектің құжатын рәсімдеуге көмектесіп, бұйыртса балаға мемлекет қаржысына 8 ота жасау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта да ата-аналардан көмегімізді аяп қалмаймыз, — дейді «Ерекше балалары бар ата-аналар одағы» РҚБ Шымкент филиалының жетекшісі Гүлмира Үсенбекова.

Previous Post

Шымкентте “Құштарлықпен әрбір көңіл нұрлансын” атты мерекелік іс-шара өтті

Next Post

О правах особенных детей говорили в Шымкенте

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі