13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту тренингі ұйымдастырылды

10 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту тренингі ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды.

Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды. Оқытудың ең басты мақсаты халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру.

Осылайша, оқыту барысында Жастар саясаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі ретінде:

Қазақстан Республикасының жастар және ішкі саясатын іске асыру стратегиясы;

Жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттарды тиімді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының жастар және ішкі саясаты;

Өзекті мәселелер мен негізгі жетістіктер;

Мемлекеттік қызметтегі жастардың кәсіби және жеке құзыреттіліктерін қалыптастыру;

Мансаптық өсудегі мотивация;

Мемлекеттік қызметшілердің ойлауын өзгерту қажеттілігін таңдады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің стратегиялық және инновациялық ойлауын дамыту жұмысы да қолға алынған. Жастар саясатындағы сервисология мен адамдарға бағдарлану дағдыларын жетілдіру туралы тақырыптары талқыланып, семинар соңында интерактивті талқылау — пікірталас, teambuilding өткізіледі.

Сонымен қатар, оқыту бағдарламасы қызметшілерге шешімдер қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлау және оған ақпарат беру құзыреттіліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, алдағы уақытта аталған іс-шараны жалғастыру жоспарлануда.

Previous Post

«Өндірістік елге айналуымызға әлеуетіміз жоғары»

Next Post

Шымкентте “Құштарлықпен әрбір көңіл нұрлансын” атты мерекелік іс-шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі