13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Өмірзақ Шөкеев түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады

17 июня, 2020
in Cаясат, Қоғам
0
Өмірзақ Шөкеев түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Баспаналар жоспар бойынша жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды.

Аймақ басшысы бұдан соң құрлысы қызу жүріп жатқан 7000 адамға лайықталған алып стадионда болды. Облысымызда футбол бәсекелері, ірі спорттық додалар мен мәдени іс-шаралар өтетін спорт нысанның демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Мұнда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар. Спорт кешені пайдалануға берілген соң бұл жерде футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының прьемер-лига, бірінші және екінші лига командаларының ойындары өтетін болады.

Өңір басшылығының шешімімен Кентау-Түркістан бағытындағы жол бойынан тоқтаусыз су ағызу мақсатында тасарықтың құрылысы жоспарланған болатын. Былтыр 4 шақырымы жасалса, биыл 600 метр тасарықтың құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Қотырбұлақ арығымен секундына 70 литр су Арыс-Түркістан каналына құйылып отыр.

Түркістан қаласының ажарын арттырған «Парасат» саябағы да ерекше кейіпке еніп келеді. Мұнда қайта жаңарту жұмыстары аясында жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тасарық келесі айдың соңында толығымен аяқталмақ. Нәтижесінде саябақ сумен қамтылып, ол қайтадан «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі. Ал Түркістан-Кентау бағытындағы жолдың екі шетіндегі тасарықтың бір бөлігі «Парасатты» сумен қамтыса, екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суғарады.

Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. Мердігер мекеме – «Sembol contruction». Құрылысы биыл қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырып, құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Облыс басшысы Түркістан қаласын абаттандыру жұмыстарымен танысты

Next Post

Арыс қаласының 3592 тұрғыны коммуналдық төлеммен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі