13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұғалімдердің жалақысы өседі

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұғалімдердің жалақысы өседі
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылдың қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артпақ. Жағымды жаңалықты білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Оның айтуынша бүгінде шаһарымызда 31 мыңға жуық маман жұмыс істеуде.Сондай-ақ баспасөз бирифингінде жас мамандарға бос жұмыс орындарының ашылғанын айтып, конкурсқа қатысуға шақырды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. Әлемдік деңгейде – педагог, өз ұстанымызда ұстаз ұғымының сипаты, мән-мағынасы қашанда айқын: ол – мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты. Тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.

Соңғы жылдарда елімізде жүр­гізіліп жатқан мемлекеттік-әлеу­мет­тік бағдарламалардың мәні мен мақсатына қарасаңыз, көбіне бюджет қызметкерлерлеріне, соның ішінде білім және денсаулық сақ­тау саласы мамандарына бағыш­тал­ғанын аңғарар едік. Сондай-ақ өздеріңіз көріп-біліп отырғандарыңыздай, кейінгі кезде білімге, мұғалімге қоғам көзқарасы өзгере бастады. Әрине, жақсы жа­ғынан. БАҚ-та да, былайғы өмірде де ұстазға көрсетіліп жат­қан құрметті ескермеу мүмкін емес. Бұл – жақсылықтың нышаны. Бұл – қалыптасқан дәстүрді сыйлау мен қастерлеудің жолы.

Мемлекет тарапынан ұстаздарға жасалып жатқан қолдаулардың көлемі жыл сайын артуда. Ендігі кезекте мұғалімдер алдында үлкен міндет тұр. Олар жаңа білім беру бағдарламасын игеру, заманауи озық тәжірибиелерді қолдана отырып,білім сапасын арттыру, креативті ойлау көзқарасындағы қазақстандық азаматты қалыптастыру болып табылады.

Бүгінде мегаполисімізде оқушылар сарайының құрылысы қарқын алған. Сыйымдылығы 12 мың баланы құрайтын оқушылар сарайы келесі жылы ел игілігіне берілмек. Тағы бір көңіл қуантарлықтай жаңалық тап сондай оқушылар сарайы президент тапсырмасымен бой көтермек.Сонымен екеуін қоса алғанда жалпы саны 24 мың шымкеттік жас жеткіншек бос уақыттарын келер жылы оқушылар сарайында өткізетін болады.

Previous Post

Түркістан облысында 1500-ден астам әскерге шақырылушы зерделеуден өтті

Next Post

Зорлыққа бей-жай қарауға болмайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі