13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ!

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сақтықта қорлық жоқ!
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте улы газдан зардап шегушілердің қатарын азайту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Игі шара қаламыздың Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Арбат демалыс аймағында өтті. Оған қаламыздың ерікті жастары қатысып, үн парақтар үлестірді. Қыс таяп, күн суытып, жылыту маусымы басталған сәттен-ақ улы газдан улану деректері жиі ұшырасады. Мұндай оқиғалар кейде орны толмас қайғылы жағдайға да алып келуі мүмкін. Бүгінде қаламызда улану деректерін азайту мақсатында профилактикалық іс-шаралар ұдайы өтіп тұрады. Соның бірі күні кеше қаламыздың Әл-Фараби ауданы аумағында ұйымдастырылды.

Төтеншеліктер оқыс оқиға алдын алу керектігін ескертеді. Сондай-ақ өрт шыққан немесе басқа да жағдайлар орын алып, адам газдан уланған кезде не істеу керек? Мамандар мен волонтерлар барлығын жан-жақты қамти отырып, түсіндіру шараларын жүргізді.

«Сақ болыңыз, улы газ» акциясы барысында газбен улану кезіндегі алғашқы жәрдем туралы жазылған ақпараттық-түсіндірме брошюралары таратылуда. Аталған жұмыстар Әл-Фараби ауданы аумағында тұрақты түрде жүргізіледі. Себебі мұндай іс-шаралар қайғылы жағдайлардың алдын алуға тікелей септігін тигізеді.

Айта кетсек,улы газ — жану өнімдерінің ең улы компоненттерінің бірі. Улы газбен улану кейде өлімге әкеп соқтыруы мүмкін сыни жағдайлардың бірі болып табылады. Улы газдың — иісі де, түсі де, дәмі де мүлдем жоқ, жану процесі кезінде барлық жерде, тіпті пеште де улы газбен улану болуы мүмкін. Өкінішке орай, газдан уланудан көбінесе адамдар құрбан болады. Әдетте, ақаулы пештің нәтижесінде, өрт ошағы кезінде, қозғалтқышы қосылған жабық автомобилде улы газбен улану басталады.

Үйлер мен пәтерлерде жанып тұрған газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, олардың қалыпты жұмыс істеуіне үй иелері жауапты екенін есте сақтаған жөн.

Previous Post

«Қыздар кеңесі» мектебі жобасы жалғасуда

Next Post

Шымкентте «Болашаққа қадам» жобасы іске асырылып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі