13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Абай ауданында «Стандарт» индустриалды аймағы ашылады

8 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Абай ауданында «Стандарт» индустриалды аймағы ашылады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Абай ауданынан «Стандарт» индустриалды аймағын ашу жұмыстары басталған. Жоба Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берген тапсырмасына орай жүзеге асуда. Бұл жобаға 30 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту көзделген. Ал аймаққа кәсіпорындар салына бастаса жұмыссыз жүрген 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылады. Отандық өнім өндіріп әрі жұмыссыздардың екі қолына бір күрек табуына септеспек. Бұл қай жағынан алғанда да қаламыздың өркендеуіне зор үлес болатыны анық.

Бұл туралы қала басшысы Мұрат Әйтенов өзінің кезекті есептік жиынында айтып өтті. Шымкентте қаланың экономикалық өсімін еселеуге үлес қосып отырған индустриалдық аймақтар баршылық. Ішкі нарықты қамтып қана қоймай, экспорт көлемін де жылдан жылға ұлғайтып келеді.

Шымкент қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жылдан жылға көтеріліп келеді. Шымкент қалалық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы өңірлік өнім 104,0 пайызға, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,7 пайызға, өнеркәсіп 107,1 пайызға, құрылыс 118,5 пайызға, сауда 111,4 пайызға артқан. Қай салада болмасын оң өсім бар. Тіпті артығымен орындалған.

Қаламыздағы ең ірі аудандардың бірі Абай ауданында өнеркәсіп орындары жетерлік. Бұл өз кезегінде аудандағы эконономикалық өсімнің өркендеуіне септесіп отыр. Әрі аудандағы әлеуметтік жағдайдың жақсаруына да оң ықпалын тигізуде.

Айта кетейік, Абай ауданының бюджеті 5 жыл бұрын 22,6 миллиард теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 5 есеге артып, 110,8 миллиард теңгені құрап отыр. Қаржының басым бөлігі денсаулық, білім салалары мен әлеуметтік көмекке жұмсалған. Ауыз су, газ, жарықпен қамту, жол салу жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес. Сондай-ақ Абай ауданында қазір ірі және орта кәсіпорындар саны 33-ке жетті. Алдағы уақытта олардың қатары тағы да артатын болады.

«Қазірдің өзінде Абай ауданында ірі және орта кәсіпорындар саны 33-ке жетті. Бизнес объектілерінің артуы – қаланың экономикасы мен жалпы қаржылық дамуына оң ықпал етпек. Индустриалды аймаққа 30 млрд теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарланған. Осы арқылы жұмыссыз жүрген 3 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтитын мүмкіндік туады»,-деді М.Әйтенов.

Previous Post

В Шымкенте отметили День культуры корейского этноса

Next Post

Шымкентская молодежь приняла участие в акции "Я люблю свою страну"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі