13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БУТИК-ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛАДЫ

17 июня, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БУТИК-ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бутик-қонақ үйді соғу «Түркістан» ӘКК» АҚ Қазақстанның «BI Group» –инвестициялық-құрылыс холдингнің еншілес компаниясы жүзеге асырады.

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер шеңберінде «Түркістан» ӘКК» АҚ облыс орталығының сервистік және қонақ үй қызметтерінің нарығын зерттеді. Нәтижесінде ең перспективалы, болашаққа бағытталған жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығына орналасатын «бутик-отель» форматында қонақ үй соғылатын болды.

Жаңа форматтағы қонақ үй көлемі 2 400 шаршы метрді құрайтын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Онда 66 бөлме болмақ. Жобаны іске асыру барысында қонақ үй бизнесіндегі халықаралық стандарттарды басшылыққа алу қажет. Бутик-қонақ үй құрылысы жобасын жүзеге асыру мақсатында іздестірілген әлеуетті серіктес-инвестордың тиісті тәжірибесі мен біліктілігі маңызды болды.

«Жалпы, бутик қонақ үйі мен қарапайым қонақ үй арасындағы айырмашылық – ең алдымен, батыл дизайнерлік шешімдерде. Интерьер жергілікті нақышта, тарихи, ұлттық, сондай-ақ, туристерге өте тартымды қазақ халқының дәстүрлі элементтерімен өрнектелетін болады. Сондықтан, серіктес ретінде елде имидждік және жаңашыл жобалар құрылысында бай тәжірибесі бар «BI Group» компаниясын таңдау дұрыс шешім болып табылды. Жыл сайын саны артып келе жатқан қажылық мақсатта келушілер мен туристер легін ескерсек, этникалық стильде безендірілетін бутик-қонақ үйі сұранысқа ие болады және жаңа Түркістанның сәніне айналады», – деп атап өтті «Түркістан» ӘКК» АҚ Инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова.

Сонымен қатар, қазіргі таңда халықаралық франшизаға ие кофейнялар, түрлі форматтағы мейрамхана кешендерін салу мақсатында серіктес-инвесторлардан ұсыныстар қабылдануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі