13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Қызмет» салалық кәсіподағының белсенділері марапатталды

8 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мереке қарсаңында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«10 қазан — кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелерінің салтанатты жиыны өтті.

Жиында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов жиынға қатысқан кәсіподақ белсенділерін құттықтап, биылғы жылы осы салада көптеген жетістіктерге ие болғанын, оның ішінде кәсіподақ негізгі жұмысының бірі — 11 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылып, оған 924 адам кәсіподақ мүшелегіне тартылғаны ерекше атап өтілді.

Жалпы бұл саланың мекемелердегі ұйым саны 49-ға жетіп, ал кәсіподақ мүшелерінің саны 3,0 мыңға жуықтаған. Филиал құрамындағы мекемелер 100% немесе толығымен 2022-2026 жылдарға, яғни 5 жылға арналған ұжымдық және келісім шарттар жасап, тіркеуден өткізілген. Олардың орындалуы бойынша жыл басынан бері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында 40 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымында 1731 кәсіподақ мүшесінің қатысуымен кездесу өткізіліп, филиал төрағасы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары кәсіподақ мүшелеріне жүйелі есеп беріп, оның ішіндегі үлгілі жұмыстары таратылып, тәжірибе алмасып, нәтижесінде салалық кәсіподақтың жұмыстары едәуір жоғарылаған.

Сондай-ақ, осы сала бойынша үлгілі жұмыстар республиканың басқа өңірлеріне таратылып отыр.
Кәсіподақ мүшелерінің осы жұмыстары бағаланып, мереке қарсаңында 40 адамға марапаттар табысталды.
Соның ішінде, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановқа Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалі табысталды.

Ал, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалімен 2 адам, «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен 3 адам, «Құрмет грамотасымен» 2 адам, «Алғыс хатымен» 2 адам, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хатымен» 2 адам, Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» 2 адам, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» 1 адам, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» 10 адам және «Алғыс хатымен» 15 адам марапатталды.

Previous Post

Шымкентте мереке қарсаңында әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Next Post

Шымкенттік полицейлер оқушыларға жол ережесін үйретуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі