13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте инфрақұрылым жүйесін тарту шарасы қарқынды

3 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте инфрақұрылым жүйесін тарту шарасы қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы Бозарық шағынауданына ауыз су мен көгілдір отын тарту жұмысы аяқталады. Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді.

Мұнда 1,4 шақырым электр желісі, 1,2 шақырым газ, 1,3 шақырым ауыз су құбырлары, сонымен қатар 0,8 шақырым кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады деген жоспра бар. Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жұмыстың жартысы келесі жылы толығымен бітеді.
Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі Мұрат Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.

Айта кетейік, шаһарымыздың инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың әл-ауқатын жақсарту керек екенін айтып келеді. Осыған байланысты жергілікті әкімдік өкілдері барынша тұрғындардың арыз-шағымын ескеріп, оларға жайлы жағдай жасауды басты назарға алған. Егер үй материалдары мен құрылыс жұмыстары сапалы болса, онда тұратын халық біразға дейін шығын шығармайды. Нәтижесінде ел азаматтарның әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.Осыны ескерген шаһар басшысы жауапты басқарма басшыларына қалада салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеу қажеттігін де тілге тиек етті.

Жалпы, Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті. Шымкент қалалық құрылыс басқармасы ұсынған ақпараттарға сәйкес, жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысын жүргізу жоспарланған.

Previous Post

Шымкентте "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы нәтижесін беруде

Next Post

Үшінші мегаполисте тұрғын үй құрылысын дамыту жанданып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі