13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Білім басқармасының басшысы ұстаздарға ән тарту етті

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Білім басқармасының басшысы ұстаздарға ән тарту етті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ұстаздар күні кең көлемде тойланды. Қалалық білім басқармасының басшысы мереке қарсаңында ұстаздарға ән тарту етті. Айта кетсек, елімізде қазанның алғашқы жексенбісі — ұстаздардың кәсіби мерекесі. Осы айтулы мереке қарсаңында «Жарық нұры ғаламның…» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
—Мәртебелі мұғалімдер! Әлемдегі ең асыл, ең сыйлы мамандық — мұғалімдік. Қазақ халқының дәстүрінде де ұстаздың орны бөлек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, ұстаздар қауымының қоғамдағы абырой-беделі артып, әлеуметтік тұрғыда қорғала түсті, —деген қала басшысы білім беру саласы — қаланың жүйе құраушы саласы екенін атап өтті.
—Қаламыздағы 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студентті қамтиды. Яғни, қаламыздағы әрбір үшінші адамның білім жүйесіне қатысы бар. Сондықтан мұғалімдердің қала экономикасындағы орны да ерекше әрі маңызды, -деді шаһар басшысы.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһарда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында білім инфрақұрылымы дамып келеді. Атап айтқанда, 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтылуы 89%, 3-6 жастағы балаларды қамтылуы 100 пайыз. Қаланың демографиялық өсіміне байланысты 2025 жылға дейін тағы 105 балабақшаны іске қосу жоспарланып отыр.
Мектеп оқушыларының саны да жылдан жылға өсуде. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артқан. Алдағы 5 жылда 315 мыңға жететіні болжанған.
—Қаламызда 2021-2025 жыл аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде 50 мектеп жеке инвесторлар есебінен. Алдағы уақытта тағы да 25 мектеп салуға ұсыныстарын білдіруде. Ал, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 32 мектеп салу жоспарланып отыр, —деді қала әкімі өз сөзінде. Салатанатты жиын аясында опера және балет театры өнерпаздары ұстаздар қауымына арнап «Аршын Малалан» комедиясын ұсынды.

Previous Post

«Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті

Next Post

Шымкентте қоғамдық көліктердің саны тағыда толықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі