13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Ұстаз жолы — ұлы жол»: Сарыағашта ұстаздар қауымы марапатталды

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Ұстаз жолы — ұлы жол»: Сарыағашта ұстаздар қауымы марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылжар ауылдық мәдениет үйі ғимаратында «Ұстаз жолы – ұлы жол» тақырыбында Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті. Оған аудан әкімі Мұхит Отаршиев қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

— Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің жас ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі істеріңізге және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы жұмыстарыңызға табыс тілеймін. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» – деп ұлы Абай айтқандай, қай заманда болмасын ұстазды ерекше құрметтеген. Білім саласы – ел болашағының, жоғары кәсіптіліктің, жас ұрпақтың отаншылдығы мен руханиятының негізі. Оның басты тірегі – ұстаздардың риясыз еңбегі мен шығармашылық ізденісі, — деген аудан басшысы ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан ұстаздарды марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Д.Ақатов және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ә.Тастанбеков білім саласының майталмандарына облыстық және аудандық деңгейдегі алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстап, сый-құрмет көрсетті.
Ұлы мамандық иелері ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында небір тұлғалар, тіпті бүкіл адамзат бас иген. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Негізінен 1965 жылдан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында бесінші қазанға бекітілген екен. Алайда 1980 жылдың 1 қазанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша «мұғалімдер күні» қазан айының бірінші жексенбісіне қойылды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де Қазақстан, Әзірбайжан, Белорусия, Қырғызстан, Латвия және Украина елдері бұл мерекені қазан айының алғашқы жексенбісінде тойлап жүр. Яғни, алғашқы аптадан бастап мерекені атап өтеді. Ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса елдің қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ертеден-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

Жиын соңында әуезді әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің өнері дүйім жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Previous Post

ТУРКЕСТАН: В Тюлькубасе прошел культурно-литературный вечер «Өмірді сүй»

Next Post

Жетісай ауданының әкімі ауылдықтармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі