13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда «Мұхтар Әуезов мұрасы — ұлт қазынасы» шарасы өтті

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Отырарда «Мұхтар Әуезов мұрасы — ұлт қазынасы» шарасы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әузовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов мұрасы – ұлт қазынасы» атты арнайы іс шара өтті.

Көксарай ауылындағы жазушының өз атымен аталатын жалпы орта мектепте ұйымдастырылған жиын мектеп мұражайын тамашалаудан басталды. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, аудандық мәслихат депутаты, мектеп директоры А.Сыздықәліге аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың арнайы құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, Айдос Құлмаханұлы барша жиынға қатысушарды жазушының 125 жылдық мерей тойымен құттықтап, қазақтың болмысын күллі әлемге «Абай жолы» романы арқылы танытқан жазушы Мұхтар Әуезовтің мерейтойы – баршамызға ортақ. Сан салада қалам тербеген сөз зергерінің Алашқа сіңірген еңбегі де ерен. Ұлы тұлғаның мерейтойын кең көлемде атап өтуге арналған іс-шара бүгінгі ұрпақты рухани мұраларымен сусындатуға бағытталғандығын жеткізді.

Қазақтың заңғар жазушысы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы дүниеге келген. Қазақстан ғылым академиясының академигі артына мол әрі бай мұра қалдырды. Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткерінің оқу-ағарту ісіне, драматургия саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Оның «Абай жолы» романы – қазақ әдебиетінің ең атақты туындысы. Мұхтар Әуезовтің қазақ драматургиясы мен прозасындағы еңбектері талай ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз.Мұхтар Әуезов ұлттық театрдың дамуына көп еңбек сіңірді. Қазақ театрлары сахнасында жазушының өзінің пьесаларынан бөлек, оның аудармасындағы әлемдік, орыс және кеңес драматургиясының таңдаулы туындылары қойылады.

Мерекелік шара соңы естелікке суретке түсіп, концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетсек, осыған дейін ұлты үшін ұран тастап, Түркістанның саяси дамуына атсалысқан, түркі халықтарының рухани бірлігін сақтауға және тәуелсіздік идеясын бастаған тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылды. Қайраткер тұлғаның өмір жолынан сыр шертетін деректі фильм де көрсетілді.

Previous Post

В Туркестане чествовали заслуженных учителей

Next Post

Туркестан: Аким области встретился с представителями организации Тюркских государств

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі