13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев айтты.

– Мерзімді әскери қызмет өткергендер 2 жыл ішінде, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ЖОО-ға тегін оқуға түсуге мүмкіндігі бар. Бұл әскери бөлім командирінің мінездемесі негізінде жүзеге асады. Ал лайықты әскери қызметшілер ЖОО-ның гранты есебінен тегін жоғары (оның ішінде жоғары білімнен кейінгі) білім алуына болады. Сондай-ақ, емтихансыз грант негізінде ЖОО-ның әскери кафедрасына (офицер атағын алу үшін) түсу де қарастырылған. Одан бөлек, лайықты әскери қызметшілер емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ-нің әскери оқу орындарына түсе алады. Бұл — елімізде қарастырылып жатқан үлкен жоба. Келер жаңа жылдан бастап заң күшіне енеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 30-ға жуық жоғары оқу орындары бұл жобаны қолдап отыр, — деді Жандос Тынымбекұлы.

Спикердің сөзінше, әскери мерзімі біткендер келсім-шарт негізінде 3 жылға қалып, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Оған арнайы тұрғын үй мен жалақы қарастырылған. Осы ретте 5-10 жылға дейін ұзартуға болады.

Сонымен қатар, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезіндегі жұмыстар ашық форматта жалғасады. Кез келген адам қажетті ақпарат алу үшін хабарласа алады және барлық сұрақтарына жауап беріледі. Ол үшін Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментте, басқарма мен бөлімдерде «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» атты жобалық кеңсе жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде электрондық пошта мен ресми аккаунттар ашылған.

Айта кетейік, мерзімді әскери қызмет өткеру тек қару қолдану, күрделі әскери техниканы меңгеру дағдыларын игеруге ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, денені шынықтырып, рухани нығаюға ықпал етеді. Сондай-ақ, әскери қызмет — әр жас жігіттің заңды түрде белгіленген міндеті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13кзТүркістанТүркістан облысыШымкент
Previous Post

Шымкент : «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері салтанатты серт берді

Next Post

Түркістан облысында 1500-ден астам әскерге шақырылушы зерделеуден өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі