13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының жаңа тұғырнамасы қоғам талабына сай

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«AMANAT» партиясының жаңа тұғырнамасы қоғам талабына сай
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы – еліміздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйытқысы. Билік пен қоғам арасындағы алтын көпір.

«AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасында партияның бағдары мен замануи бағыты айқындалған. Партияның басты мақсаты — әрбір азаматының құқығы қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.

Басты міндеті  – Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, қауіпсіздігін күшейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаңғыртып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түпкілікті орнықтыру, ашық азаматтық қоғам қалыптастыру.

Партияның жаңа Тұғырнамасында қоғамымызды дамытудың барлық негізгі бағыты көрініс тауып отыр. Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында «Еңбек адамы – қоғамдағы ең сыйлы адам болуы керек деген болатын». Осыған сәйкес, партия тұғырнамасында әрбір азаматтың еңбек құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілмек. Оған қоса, қоғамдағы жалақының аздығы мәселесімен күресіп, жұмыссыздықтың нақты статистикасын жүргізіп, онымен толықтай күресудің жолдары үйлестірілген.

Шын мәнінде, бұл құжатта қазақстандықтардың арман-мұраты мен үміті толықтай ескерілген.  Тұғырнаманың бірінші тармағы білім, халық саулығы мен еңбек етуге арналуы қоғам үшін ыңғайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жоба партиялықтардың арасында бірнеше рет қызу талқылаудан өтті. Барлық өңірден ұсыныс жинау және әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы партиялықтардың құжатқа қатысты өз пікірін білдіруіне мүмкіндік берілді. Басты ерекшелік –тұғырнама қарапайымдылық пен қолжетімділік  қағидаттарға сай келеді.

«AMANAT» партиясының жаңа тұғырнамасы партияның қатарында көп жылдан бері мүше болып келе жатқандарды да, оның жаңа мүшелерін де бір мақсатқа біріктіретін құжат болады деп сенемін.

Тұғырнамада «Түрлі көзқарас — Біртұтас ұлт» қағидасын басшылыққа алатынын нақтылап көрсетті. Бұл дегеніміз Тәуелсіз еліміздегі ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім басты назарда екенін көрсетеді.

Сол себепті халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты міндетіміз.

Бекайдар Тулегенов

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANATШымкент
Previous Post

Шымкент : Шалғай елді мекендерде жастар арасында шағын футболдан турнир өтті

Next Post

Түркістан облысының тұрғындарының НАЗАРЫНА!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі