13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент : Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында индустриалды аймақта жиын өтті

30 сентября, 2022
in Қоғам
0
Шымкент : Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында индустриалды аймақта жиын өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, жиын «АртҚұрылыс» ЖШС, «Shymkent Temir» ЖШС және «Бумпром» ЖШС, «Казатомпром-SauRan» ЖШС қызметкерлерімен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — өңірдегі бизнес-қоғамдастығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын түсіндіру, сонымен қатар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Департамент өкілі Жазира Әлжанова 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптары, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс қызметінің маңыздылығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, әрбір аймақ үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірленген. Онда процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілерге және жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты халық пен бизнесті толғандыратын көкейкесті мәселелер енгізілді.

Аталған картаға қаладағы білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары, әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй және тағы да басқа салалар енгізілгендігін айтып, басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы тиіс екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, Департаментпен 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрбір азаматтың белсенділігі қажеттігін айтты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзаникорШымкент
Previous Post

«AMANAT»: Жаңа саяси тұғырнама қоғам талабына сай

Next Post

Шымкент гарнизонының әскери прокуроры тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі