13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

5 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін облыс орталығында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты мерекелік шара өтті. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған шара ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мерекелік шара әрмен қарай «Фараб» облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жалғасты. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, шараға қатысушы құрметті қонақтар арнайы жасақталған көрмені тамашалады. Аталмыш көрме облысымызда қызмет атқаратын 11 этномәдени бірлестіктерінің тілі, мәдениеті, салт-дәстүріне байланысты ұйымдастырылған.

Салтанатты жиынды Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен еліміздегі жүзеге асырылып жатқан тіл саясатына, өңірімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Биыл тілдерді оқыту орталықтарында 3 мыңнан аса талапкер мемлекеттік тілді оқуда. Оның 500-ден астамы өзге этнос өкілдері. Бүгінде этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде тыңдаушылар өз ана тілдері мен төл мәдениетін үйренуде. Олай болса, Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру – біздің міндетіміз. Ал, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге ынталы азаматтар үшін облыс аумағында тілдерді тегін оқытатын 17 орталық жұмыс жүргізуде, – деді Әзімхан Серікұлы.

Сонымен қатар басқарма басшысы облыстағы тіл жанашырлары мен осы салада еңбегі елеулі азаматтарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл комитетінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатын, Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатын тапсырды. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, әрбір этнос өкілінің мемлекеттік тілді білуге деген ұмтылысын арттыру, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында оның еңбектерін дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара әрі қарай мерекелік концертке ұласты. Облыстағы өнер жұлдыздарымен қатар, өзге ұлт өкілдері өнер көрсетіп, қазақ тілінде өлең оқып, ән шырқады.

Еске сала кетейік, атаулы дата «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған Алаш арысы, қазақ әліпбиінің негізін салушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты аталып өтеді. Барша қазақстандықтарды, ұлт пен ұлыстарды біріктіруші негізгі фактор болып саналатын қазақ тілі көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айнала берсін.

Previous Post

ЖЕТІСАЙДА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

Шымкентте «40 мысал, 40 мақал» атты көшпелі әдеби тіл керуені өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі