13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАН: ТЕАТРДЫҢ ХХІІІ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

14 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: ТЕАТРДЫҢ ХХІІІ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды драма театры кезекті еңбек демалысынан кейін сахнаға қайта оралды. Өнер ордасы 23-ші маусымының шымылдығын Сұлтан Раевтың «Ханшаның көз жасы» драмасымен түрді.

Облыстық «Фараб» кітапханасында өткен маусымашарға театрды сағынған елдің қарасы көп. Рухани азық сыйлар шараға Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, басқарма басшының орынбасары Асылхан Темірхан, мәдениет майталманы Ұлжан Мұстафаева мен белгілі журналист, сазгер Бекжігіт Сердәлі бастаған зиялы қауым өкілдері көрермен болды. Олар Румыния еліндегі халықаралық өнер фестиваліне қатысқан аталмыш қойылымды тамашалап, тарихи тұлғаны тани түсті.

Белгілі режиссер Қуандық Қасымов сахналаған қойылымда көрші қырғыз елінің ұлттық философиясы көрініс тапқан. Кеш бойы тағдыр таразысына түскен Құрманжан Датқа таразының қай тұсын таңдар екен деп ойландырады. Туған перзентін емес, өзін дүниеге әкелген қырғыз елін таңдауы оның еліне деген жанашырлығын, жауапкершілігін, қайсарлығын дәлелдейді.

– Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда театр ғимаратын күрделі жөндеу жасалып жатыр. Сол себепті маусымашар «Фараб» кітапханасында өтуде. Қасиетті қара шаңырақ ұжымын және көрермен қауымды осынау айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы театр ұжымы өңір мәдениетін халықаралық өнер додаларында танытып жүр. Жақында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына орай Мархабат Байғұттың «Асқаровтың аққайыңдары» шығармасын сахналауды жоспарлап отырмыз, – деді басқарма басшысы Әзімхан Серікұлы.

Кеш соңында келген қонақтар сөз алып, театр маусымының ашылуына орай жылы лебіздері мен қойылым туралы пікір білдірді. Басқарма тарапынан ықылас гүлі табысталды. Ал белгілі журналист Ақмарал Ғаниқызы Түркістан қалалық мәдениет үйінің басшысы Лиза Төлегенқызының алғыс хаты мен сыйын жеткізді. Театр басшысы Ержан Исатаев қонақтар мен келушілерге алғысын білдірді .

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОН ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖАҢА ЕЛДІМЕКЕНГЕ МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕСІМІ БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі