13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ БАЗАРДАН 2 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАУЫП, АНАСЫНА ҚАЙТАРДЫ

13 июня, 2020
in Қоғам
0
АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ БАЗАРДАН 2 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАУЫП, АНАСЫНА ҚАЙТАРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Notice: Trying to get property 'child' of non-object in /var/www/vhosts/13kz.kz/httpdocs/wp-content/themes/папка (2)/class/ContentTag.php on line 45

07.06.2020 жылы шамамен сағат 18:00 шамасында Арыс қаласындағы орталық базарда тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге бөлінген полиция қызметкері базардың сырт жағында жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Арыс АПБ ЖПҚ Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қалдыбай Маханбетов 2-3 жас шамасындағы қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бас тайды, бірақ тілі анық шықпаған қыздан нақты жауап ала алмайды. Содан кейін адасқан қыздың ата-анасын іздеуге шығады. Көрген-білгендерден сұрастырып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізді. Осындай шұғыл іс-шаралар нәтижесінде, 1 сағат ішінде полицей Қалдыбай Маханбетов қыздың анасын тауып, оған өзінен адасып қалған баласын табыстады. Қыздың ата-анасының айтуынша, олар базарға барған. Сол сәтте қызы көліктен байқатпай шығып кеткен. Жоғалып кеткен қызын базардан, жақын көшелерден іздей бастайды. Осы аралықта полицей қызды тауып, аман-сау күйінде қайтарды.
Өз кезегінде, Арыс қаласының тұрғындары полицейге жоғалып кеткен қызының табылуына көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Шынайы рақметін айтып, қызметте табыс тіледі.
Осы орайда, Арыс қаласының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 27 ҚАРУ ТӘРКІЛЕДІ

Next Post

КӨГАЛДАНДЫРУ ҮШІН ГИДРОЕГУ ТӘСІЛІ ЖАНДАНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі