13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 сентября, 2022
in Білім
0
ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оның алдын алу бойынша келелі кездесу өтті. Жастардың білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Күмісхан Таңатов, қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, полиция қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Жиында қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев баяндама жасап, оқушылардың түнгі мезгілде компьютерлік ойынханаларды жүрмеуін қатаң қадағалау керектігін атап өтті. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасованың сөзінше, бала тәрбиесінде мектептегі мұғалімдерден бөлек, ата-аналардың да рөлі жоғары. Сондықтан, «Тәрбиесіз берілген біл, адамзаттың қас жауы» тәмсілінің маңызы әрдайым жоғары.

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру мекемелерімен полиция органдарында профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдерді бақылау және жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Қала көлемінде 55 білім беру ұйымдары бар. Осыған байланысты, барлық қызметкерлер 9 аймаққа бөлініп, жауапты етіп бекітілген. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қалалық прокуратура, әкімшілік және адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесіп, жасөспірім оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 382 кездесу ұйымдастырылған»,-деді қаланың бас полицейі Бауыржан Дәулетханұлы.

Жоспарға сәйкес, қалалық полиция басқармасы тарапынан «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Жасөспірім», «Абайлаңыз балалар», «Түнгі қаладағы балалар» атауымен түнгі рейдтік іс-шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл — күн тәртібінен түспейтін көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Next Post

«AMANAT»: ШАРДАРАДА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі