13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ТҮРКІСТАН: БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР

30 сентября, 2022
in Спорт
0
ТҮРКІСТАН: БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа 12-13 жас аралығындағы 120 спортшы қатысуда.

Сейілхан Саттарханұлы – «Түркістан қаласының Құрметті азаматы», өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған жан. Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі. Әрі жастар арасындағы бокстың дамуында елеулі еңбек еткен азамат.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы: «Сейілхан ағамыздың өнегелі өмірінде жасаған игі істері көпке үлгі-өнеге. Бүгінгі шараның мақсаты да жастар арасындағы спортты дамыту. Осындай арда азаматтардың атқарған абыройлы істерінен үлгі көрсету», деді. Сонымен қатар Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл апа сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Жиын барысында орталықтың спорт саласында елеулі еңбек еткен азаматтар мен түрлі сала өкілдері сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді. Сейілхан аға туралы естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан іс-шараның финалы 1- қазанда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Сидней Олимпиадасының чемпионы, қазақтың талантты боксшысы марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов 2020 жылы 25 ақпанда дүниеден озды. Айта кетейік, Сейілхан Саттарханов жары Сырлыкүлмен 4 бала тәрбиелеп өсірген. Балаларының барлығы да кішкентай кезінен спортқа жақын болған. Алайда олардың арасында Бекзат спортта үлкен жетістікке жетіп, небары 20 жасында Олимпиада шыңын бағындырды. Боксшы Сиднейде 57 келіге дейін салмақта өнер көрсетті. Саттарханов мансабында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен. Жасындай жарқылдаған қазақтың дара ұлы 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан көз жұмды.

Previous Post

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН БӘЙГЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР СОЗАҚ ТӨРІНЕН ТҮРКІСТАНҒА БАҒЫТ АЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі