13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасы таныстырылды

28 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасы таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қалалық  Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылды.

«Халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынған тұғырнамамен алғашқы болып партияның Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымының мүшелері танысты. Ақ халатты абзал жандар жиында саяси құжат қамтыған мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Ұл тұғырнаманың ерекшелігі сол: құжат әзірлеу және жазу алғаш рет толығымен қазақ тілінде жүргізілді; екіншіден, тұғырнама алғаш рет Адамнан басталады. Яғни, құжат «Адам – Қоғам – Мемлекет» принципіне құрылған.

«Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы. Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамайтындай өмір сүруі керек!» – делінген тұғырнамада.

Партияның басты мақсаты да осы. Әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайды. Ортақ құндылықтармен, ұлттық мүддемен және бір болашақпен біріккен қоғамды қалыптастырады.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.

Біздің міндетіміз – Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, қауіпсіздігін күшейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаңғыртып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түпкілікті орнықтыру, ашық азаматтық қоғам қалыптастыру.

Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік!».

Бүгінгі жиында тұғырнаманың барлық бөліктері талқыланып, ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта да кең көлемде саяси диалог қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Tags: 13kz13kz.kz13кзAMANAT«Жәрдем» Бастауыш партия ұйымы
Previous Post

Ұстаздар қауымына саяси тұғырнама таныстырылды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 ҚАЗАННАН БАСТАП ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі