13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА АТ БАСЫН ТІРЕДІ

27 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» ШАБАНДОЗДАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА АТ БАСЫН ТІРЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

«Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге-марафонына қатысушылар 800 шақырымды жүріп өтті.

Бүгін марафоншылар Бетпақдала шөлінде тоғызыншы кезеңді еңсеруде. Кешке қарай шабандоздар Түркістан облысы Созақ ауданының Тайқоңыр елдімекеніне ат басын тіреді. Одан ары қарай Ақсүмбе, Бақырлы, Абай ауылдарына сапарлайды.

Айта кету керек, мәреге небәрі 400 шақырым жол қалды. Алайда марафонның ауыр сынағына төтеп бере алмай, жарыс жолынан шығып қалғандар да бар. Сегізінші күннің қорытындысы бойынша, Ақтөбе облысының командасы үздік деп танылды.

Жалпы, қазіргі таңда 19 команданың 8-і жарысты жалғастырып жатыр. Ал 11 команда түрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалды.

Жоба төрешілерінің бірі Жанбатыр Бекмұсаев Алматы қаласы командасының жарыстан шығу себебін түсіндірді.

«Ауысып мінуге әкелген ат әлсіздеу еді. Сондықтан жарысқа жарамай қалды. Регламентке сәйкес, екі шабандоз ғана қалса команда жарыс жолынан шығады. Дегенмен екі шабандоз жеке дара мәреге жетуге тәуекел етіп отыр», – деді Жанбатыр Бекмұсаев.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте елордадан 100-ден астам шабандоз аттанып, олар Түркістанға дейін 1200 шақырымды жүріп өтуі тиіс болатын. Марафон 100 шақырымдық 12 сатыға бөлінген.

Созақ сапарынан соң шабандоздар қазақ руханиятының қастерлі қарашаңырағы Түркістан қаласына жолға шығады. Түркістанға бірінші болып жеткен команда «Ұлы дала сарбазы» атағымен және 30 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. 2-ші және 3-ші орын иегерлері сәйкесінше 20 000 000 теңге және 15 000 000 теңге жүлдені қанжығаға байлайды.

Айта кетсек, марафонды «AMANAT» партиясы, «The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

 

Previous Post

Шымкентте есірткіге қарсы науқан өтті

Next Post

Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі