13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН 101 ЖАҢА АВТОБУС

26 сентября, 2022
in Білім
0
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН 101 ЖАҢА АВТОБУС
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде мектебі жоқ немесе бастауыш мектебі ғана бар ауылдардың балаларын жақын маңдағы білім беру ұйымдарына қауіпсіз тасымалдау үшін 515 жаңа автобус сатып алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Желіге шолу» айдарында Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев айтты.

@Асемгүл Орынтай есімді оқырман желіде: «Оқушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр?», — деп сұрапты. Бұл сұраққа Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев жауап берді.

«Балаларды қауіпсіз тасымалдау — біздің бақылауымыздағы маңызды сұрақтардың бірі және біз осы мәселені үнемі көтеріп келеміз. Биыл Балалар жылы аясында қауіпсіздік талаптарына сай келетін 515 жаңа автобус сатып алу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, мектеп сөмкесіне арналған сөрелермен, есіктері ашық кезде қозғалысты тежейтін механизммен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған», — деді Дулат Жекебаев.

Комитет төрағасының орынбасары автобустарды сатып алуға бөлінген қаржыны игеру жергілікті әкімдіктердің құзыретінде екендігін айтады. Қоғамдық көліктер елімізде құрастырылатын болғандықтан қомақты тапсырыс отандық автоөндіріс саласын дамытуға да үлкен үлес қосатынына сенімді. Сөзінше, ең бастысы балаларымызға қауіпсіз, жайлы автобустармен қатынауға жағдай жасаймыз.

«Жаңа автобустар Ақмола, Ақтөбе облыстары сияқты бірқатар өңірге жеткізіліп, таратылып жатыр. Біз еліміздің барлық аймағындағы мектеп автобустарын кезең-кезеңімен жаңартамыз. Бірінші кезекте проблема бар өңірлерді автобуспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мәселен, 515 автобустың 101-і Түркістан облысына жөнелтіледі»,-деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Previous Post

«ТАРИХИ ТҮРКІСТАН» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТІП ЖАТЫР

Next Post

ТҮРКІСТАН: «ЭКОБАЗАРДА» ЖӘРМЕҢКЕ ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі