13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНАН СУ ҚОЙМАСЫН САЛУ КЕРЕК!

22 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНАН СУ ҚОЙМАСЫН САЛУ КЕРЕК!
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында суармалы жерлерді күтіп ұстау мәселесі бүгінде маңызды болып тұр. Сенатор Әли Бектаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауалында өңірдегі проблемаларды көтерді.

Сенатордың айтуынша, облыстың Шардара, Арыс және Отырар аудандарында 440 мыңнан астам адам тұрады. Олардың көпшілігі егіншілік саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, 74 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін олар суды Шардара су қоймасынан 1970 жылдары салынған Қызылқұм магистралды каналы арқылы алады.

«Осы су қоймаларынан тарайтын каналдар мен су жүйелерінің жағдайы өте нашар. Жарты ғасырға жуық үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Қызылқұм магистралды каналының пайдалы әсерінің коэффициенті 0,60-ты ғана құрайды. Жыл сайын су қоймасынан алынатын 950-980 млн текше метр судың, тек 620-630 млн тек метрі ғана егіс алқаптарына жетеді», — деді Ә. Бектаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сонымен қатар депутат жер асты суларының көтерілуіне жол бермеу және топырақты қалыпты жағдайда ұстау үшін аймақта бұрын салынған 302 тік дренаж істен шыққанын немесе мүлдем жоғалып кеткенін айтты. Арыс-Түркістан каналы бойындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайы да Бөген су қоймасындағы су көлемінің төмендеуіне байланысты қанағаттанарлықсыз жағдайда. Атап айтқанда, Сауран ауданының Шаға, Қарашық, Шорнақ ауылдарында фермерлерге қажет су беру тамыз айында толығымен тоқтатылды.

«Өңірдің барлық магистралды каналдары мен суғару жүйелерінің барлығын толық зерттеп, оларды қалпына келтіру, су ағу мүмкіндіктерін арттыру, су шығынын төмендету бағытында нақты жол картасын жасап, алдағы 2-3 жылдың көлемінде күрделі жөндеуден өткізудің мүмкіндігін қарастыру керек. Сауран ауданындағы ауыл шаруашылығы жерлерін суландыруды жақсарту мақсатында сыйымдылығы 3,2 млн текше метр су қоймасын салуды ұсынамыз», — деді сенатор.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТМД-ДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ТЕКЕМЕТ-FEST» ЭТНОФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі