13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР

19 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 1 млн. гектар жайылымдық жерді мемлекетке қайтару міндеті қойылған. Ортақ жайылым жыл басынан бері 639,6 мың га жермен толықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке жазсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты мақсат – ауыл тұрғындары үшін жайылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ортақ жайылым көлемін ұлғайту жұмыстарының барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. Жер учаскелерін қайтару жұмыстары Отырар, Сауран ауданымен Арыс қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бәйдібек, Қазығұрт, Шардара аудандарында жұмысты ширату қажет.

Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, жұмысшы топ тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, өңірде 476,2 мың га жайылым жерлер мақсатына сай пайдаланылмағандығы анықталған. Жер пайдаланушыларға хабарлама берілген. Мақсатына сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады.

Аппарат отырысында облыста жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы мен жоспарланған жұмыстары туралы талқыланды. Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17509,5 шақырымды құрайды. Биыл құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 779 нысан н/е 2000 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 87%-дан 92%-ға арттыру жоспарлануда.

Битум тапшылығы мен нарықтағы бағасының күрт қымбаттауы жол жөндеу жұмыстарына тұсау болуы мүмкін. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың мәлімдеуінше, кен орындар, карьерлер орналасқан аумақтардан облыстық маңызы бар 1000 шақырымға жуық автомобиль жолдары арқылы ауыр жүк көліктері қатынайды. Бұл жолдардың мерзімінен бұрын жарамсыз жағдайға жету қаупі артуда. Сондықтан балама жолдарға автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату ұсынылды. Карьерлерге таразы орнатылуын міндеттеу де маңызды.

Облыс әкімі жол жөндеу мәселесінің стратегиялық маңызы бар екеніне тоқталып, осы саладағы жұмысты ширата түсуді тапсырды.

Previous Post

ПРОДОЛЖАЕТСЯ РАБОТА ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ИНФРАСТРУКТУРНЫМИ СИСТЕМАМИ НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ «КОКБУЛАК»

Next Post

ТҮРКІСТАН: АУЫР ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі