13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ

16 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдары мен облыстағы бизнес саласының өкілдерінің кездесуі өтті. Жиынға Түркістан облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Әділдік жолы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының өкілдері қатысты. Онда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

— Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін нақты айтқан болатын. Осы орайда құқық қорғау органдарымен бірлесе келе кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ бизнестің өткір және маңызды мәселелерін шешудегі проблемаларды есту мақсатында бизнес өкілдерімен кездесудеміз, — деді облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев.

Мемлекет Басшысының бизнестің құқығын қорғау бағытында жұмыстарды күшейту жөніндегі тапсырмасы мен «Бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастырудың» жөніндегі іс-шаралар жоспарға сәйкес, Түркістан облысының прокуратурасымен бірлесе отырып «Бизнесті қорғау және қолдау» Форумы өткен болатын. Форум аясында алғаш рет Палата мен прокуратура бірлесіп Түркістан облысының аудандарындағы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Рейтинг әзірленіп, жарияланды. Аталған Рейтинг бизнес-климатты жақсарту, инвестицияны ұлғайту, кәсіпкерлердің құқығын бұзу фактілерін азайту және іскерлік белсенділікті дамыту бағытында 15 өлшемін қамтиды.

Жиын соңында проблемалық мәселелер анықталып, кәсіпкерлерге қатысты заңдылықтың бұзылуына жол бермеу және одан әрі шешу алгоритмі әзірлену бойынша шешім қабылданды.

Previous Post

Шымкент: По генеральному плану города всего поступило более 100 предложений

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі