13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

7 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданында «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Онда күніне 30 мүмкіндігі шектеулі азамат пен ардагерлерге қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жанына қажеттінің бәрі бар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапарында орталық жұмысымен танысып, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүздесті.

— Аға буын қарияларға құрмет көрсету — ұрпаққа парыз. Біздің қазыналы қарттарымыз денсаулығын түзеп, бақытты өмір сүруі тиіс. Пайдалануға берілген жаңа нысан көпшілік сұранысын қанағаттандырады деп сенемін, — деді облыс әкімі.

Орталық мүгедектерге және олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрмыстық және әлеуметтін дағдыларға оқыту мен техникалық құралдарды пайдалануды үйретеді. Сондай-ақ спорттық дене шынықтыру, массаж, көңіл сергіту шаралары, зиятркерлік ойын түрлері мен рухани- танымдық шаралар өткізуге жағдай жасалған. Мұнда демалушылар салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын түзейді.

Сонымен бірге, облыс әкімі аудандық қорғаныс істер бөлімінің жаңадан салынған ғимаратында болды. Биыл алғаш рет елімізде 12 қыркүйек «Жергілікті әскери басқару органдары күні» ретінде атап өткелі отыр.

Іссапар барысында Дархан Сатыбалды бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жылыту маусымына дайындығын саралады. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Одан соң, облыс басшысы созақтықтармен кездесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды салаға бөліп, түсіндіріп берді. Алғаш іссапарын Созақ ауданынан бастаған облыс әкімі Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының ел арасында үлкен қолдауға ие болғанын айтты. Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың көтерген мәселелерін тыңдады. Тұрғындар жеке мәселесі бойынша өңір басшысына өтініштерін жеткізді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ СОЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі