13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

6 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында түрлі жұмыспен қамту шараларымен 100 мыңға жуық жас қамтылатынын айтқан болатын. Берілген тапсырма шеңберінде Түркістан облысының Келес ауданында нақты істер атқарылып жатыр.

Биыл Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту оратылығының ұйымдастырумен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде 5407 азаматты жұмыспен қамту шарасына қатыстыру жоспарланып, 2022 жылдың 8 айында 2890 азамат жұмыспен қамту шарасына қатыстырылып отыр. Бұл туралы аудандық халықты жұмыспен қамту оратылығының директоры Н.Темирбаева жалпы жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мәлімдеді.

Келес ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, 57 жұмыс беруші мекемесінен 30 тұрақты бос жұмыс орнын, жастар практикасына – 86, «Күміс жас» жобасына – 6, қоғамдық жұмыстарына 67 бос жұмыс орнын ұсынды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту үшін аудандағы 8 жұмыс берушіге 8 квота бекітіліп, 2 азамат жолданып отыр. Ал «Пробация есебінде тұрған» азаматтар үшін 7 жұмыс берушіге 7 квота бекітіліп, 2 азамат жолданды.

Айта кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы Түркістан облысында жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылмақ. «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан азаматтардың міндетті зейнетақы жарнасын уақытылы төленуі міндетті. Ал, зейнеткерлікке шығуына 2 жыл қалған азаматтарға арналған жұмыс орындары ашылатын «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыстар күшейтілмек. «Еңбек» бағыты бойынша жыл басынан бері 67 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, жылдық жоспар 96,8 пайызға орындалды. 8 ай қорытындысымен жеке бастамалар бойынша 11 773 жұмыс орны ашылған. «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі» кешенді жоспарының Түркістан облысы бойынша орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында сарапталды. Бұл бағыттағы жұмыстардың барысымен танысқан облыс басшысы жұмыссыздық мәселесін шешудің жолдарын көрсетті.

Previous Post

ТҮРКІСТАННАН ҚОСТАНАЙҒА 72 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ СОЗАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі